Ұлттық спорт

Тұңғыш марафон - бәйгенің жүлде қоры 65 млн теңгені құрайды

Тұңғыш марафон - бәйгенің жүлде қоры 65 млн теңгені құрайды
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Ұлы Дала жорығы» атты республикалық тұңғыш марафон-бәйге өткізілетіні туралы хабарлады. Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтитын бағытта 1200 шақырымды еңсереді.

«Дүниежүзі Алаш баласын арғымақты алғаш ерттеген ел деп таниды. Көшпенді бабаларымыздың заңды мұрагері ретінде ат спорты мен ат туризмін заманға сай жаңғырту мақсатында жаңа жобаны қолға алдық. Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, тіпті әлемде теңдесі жоқ марафон-бәйге. Сондай-ақ бұл аламан жай ғана ат жарысы емес – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыратын тың жоба болмақ. Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі «Париж Дакарымыз, Тур де Франсымыз» болады деп үміттенемін»,– деді Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Марафон 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында басталып, 29 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Оған еліміздің әр өңірінен бір команда қатысады әрі мәреге 12 күн ішінде атпен жетуі тиіс.

Жеңімпаз 30 млн теңге, 2 орын иегері – 20 млн теңге, 3 орын үшін 15 млн теңге алады.

Айта кету керек, марафонды өткізу кезінде барлық қатысушылар талапқа сай жабдықталған демалыс орындарымен, ас-ауқатпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер