«Қазақ чемпиондары көп болсын». Головкин Әлімханұлын құттықтады

«Қазақ чемпиондары көп болсын». Головкин Әлімханұлын құттықтады

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин отандасы Жәнібек Әлімханұлын WBO титулының иесі атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын, жақсы жаңалық. Қазақ чемпиондары көп болсын. Құтты болсын!» Бұл туралы Головкин Twitter-де жазды.

26 тамызда Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадені ауыр салмақ дәрежесіне ауыстыру туралы шешіміне байланысты оның титулын бос деп жариялады және регламентке сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын жеңіп алған Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық белбеу автоматты түрде берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или