Жәнібек Әлімханұлы WBО чемпионы болған соң мәлімдеме жасады
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде жариялаған соң боксшы мәлімдеме жасады.
«Мен – әлем чемпионымын! Мен - WBO чемпионы атанған тұңғыш қазақпын. Бұл тарихи сәт! Мен өте бақыттымын, Аллаға шүкір! Әлхамдулилла!», - деп жазды боксшы өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін чемпиондық белбеудің иегері Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпион болған. Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына толыққанды ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или