Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына шықты.

Анна сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кездесуі керек болатын.

Алайда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпиондары Б.Крейчикова мен К.Синякова доданы жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Кливлендте 4-ракетка болып тіркелген Данилина мен Крунич ойнамастан финалға жолдама алды.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде жапониялық Сюко Аояма – тайбэйлік Хао Чин Чань немесе америкалық Николь Мартинес – аустралиялық Эллен Перес жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или