Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта толыққанды әлем чемпионы атанды

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта толыққанды әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO сайтында жарияланған құжатта америкалық боксшы Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын және орта салмақтағы чемпиондық титулынан бас тартатыны айтылған.

Чемпион регламентіне сәйкес WBO екінші орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін Деметриус Андраде мен ұлыбританиялық Зак Паркер жекпе-жегін бекітті. Ал Андрадеге тиесілі болған орта салмақтағы белбеу бос болып қалды. Енді бұл титул 21 мамырдан бері уақытша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына беріледі. Қазақстандық боксшы орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или