Қазақстан Премьер-Лигасы 17-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Қазақстан Премьер-Лигасы 17-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Prosports.kz назарларыңызға Қазақстан Премьер-Лигасы 17-тур ойындарының тікелей трансляциясын ұсынады.

Ойын күнінің алғашқы матчында оралдық «Ақжайық» «Атыраумен» кездеседі. Олег Беженардың командасы соңғы 6 ойында 4 рет жеңіске жетіп, 1 ойында жеңіліп қалған болатын. Бірақ осы 6 матчтың 5-уі Қазақстан кубогында. Ал «Атырау» болса 7 матчты тең нәтижемен аяқтаған болатын.

«Ақжайық» - «Атырау» ойыны Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған. Матчтың тікелей трансляциясын QAZSPORT телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Елорда уақытымен сағат 21:00-де «Ақтөбе» - «Ақсу» матчы басталады. Ақтөбелік команда биылғы маусымда өз алаңында бірде-бір рет жеңілген емес. «Ақсу» бұл үрдісті әрине біледі және ойынды кем дегенде тең нәтижемен аяқтауға тырысады. 

Матчтың тікелей трансляциясын QAZSPORT телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Мақтаарал» өз алаңында «Шахтерды» қабылдайды.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған. Матчтың тікелей трансляциясын төменде бекітілген ПФЛКТВ YouTube-арнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или