Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Сербияда өтетін еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі дода 10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.

Әлем чемпионатында ел құрамасы сапында Рахат Қалжан (57 келі), Асыл Айтақын (61 келі), Әділ Оспанов (65 келі), Сырбаз Талғат (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әділет Дәулімбаев (92 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Олег Болтин (125 келі) сынға түседі.

Күрес түрлерінен біріккен әлем чемпионаты 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Ал одан бұрын грек-рим күресінен 1904, еркін күрестен 1951, әйелдер күресінен 1987 жылдан бері ұйымдастырылған.

Қазірге дейін қазақстандық балуандар 54 (5 алтын, 18 күміс,31 қола) медаль алды. Жалпы командалық есепте жүлдеге іліккен 67 мемлекеттің арасында 32 орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или