Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты: Вадим Куралес суперспринтте 8-орын алды

Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты: Вадим Куралес  суперспринтте 8-орын алды

Германияның Руполдинг қаласында биатлоннан 2022 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жасөспірімдер арасындағы суперспринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Қазақстан намысын үш биатлоншы қорғады. Вадим Куралес 8-орын, Руслан Амурлаев 14-орын, Никита Акимов 25-орын алды.

Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты. Суперспринт. Финал. 7,5 шақырым. Жасөспірімдер. Ерлер

1. Максим Фомин (Литва) – 18:00.9 (0+0+0+0)
2. Фабиан Каскель (Германия) +21.3 (2+1+0+0)
3. Максим Жермен (АҚШ) +23.6 (3+0+1+1)

…8. Вадим Куралес (Қазақстан)+51.0 (2+2+2+0)
…14. Руслан Амурлаев (Қазақстан) +1:41.9 (2+2+1+1)
…25. Никита Акимов (Қазақстан) +2:20.3 (2+4+0+0)

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или