Пара таэквондошылар Азия ашық чемпионатында 7 медаль жеңіп алды
20-23 тамыз күндері Хошимин қаласында (Вьетнам) пара таэквондодан Азияның ашық чемпионаты өтіп, Қазақстан спортшылары 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 орын – Мәлік Мұқашев (-80кг, К-41);
1 орын – Камиля Досмалова (-57кг, К-44);
2 орын - Нысанбек Айдарбеков (-58кг, К-44);
2 орын – Бауыржан Көшербаев (-63 кг, К-44);
2 орын - Нұрлан Домбаев (-80кг, К-44);
2 орын - Нышан Өмірәлі (+80кг, К-44);
3 орын - Әлішер Ғариполлаев (+80кг, К-44).
Сондай-ақ, Чемпионаттың үздік жаттықтырушысы болып «Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығының» пара таэквондодан бас жаттықтырушысы Нұржан Чалобайұлы Есілбаев танылды.
«Чемпионатқа 15 елден 65 спортшы қатысты. Командалық есепте Қазақстан құрамасы Иран мен Өзбекстан құрамаларына есе жіберіп, құрметті үшінші орынды иеленді», - деді «Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығының» командасының жетекшісі Бигарин Мерей.