Андраде тарапы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тарту себебін түсіндірді

Андраде тарапы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тарту себебін түсіндірді

Америкалық боксшы Деметриус Андраденің менеджері Эд Фаррис боксшысының Жәнібек Әлімханұлына қарсы титулды қорғаудан бас тартуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андраде «уақытша» чемпион Жәнібек Әлімханұлымен титулды міндетті қорғаудан ресми түрде бас тартты, енді белбеу автоматты түрде қазақстандыққа өтеді.

Оның орнына америкалық дивизион ауыстырып, британдық Зак Паркермен WBO супер орта салмақтағы «уақытша» титулы үшін күресуді ұйғарды.

«Орта салмақта Деметриустың басқа шаруасы жоқ. Біз Чарломен, Мунгуямен, Юбанкпен және Сондерспен төбелесуге тырыстық, бірақ ешкім онымен жекпе-жек өткізгісі келмеді. Ол супер орта салмақтағы «уақытша» чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, ал қазір оған орта салмақтағы шекті бағындыру қаншалықты қиын екенін ескерсек, Жәнібекпен жұдырықтасудың дәл қазір мәні жоқ еді. Мен Уорренмен сөйлесемін және біз [Паркер жекпе-жегі туралы] келісімге келе алатынымызға сенемін», - деді Фаррис.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или