Кубалық «Cuba Domadores» боксшылары WSB финалына қатысу үшін Астанаға келді

«Cuba Domadores» кубалық боксерлері жергілікті «Astana Arlans» командасымен Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) V кезеңінің финалдық матчінде қолғап түйістіру үшін Астанаға келіп жетті. Бұл туралы «араландардың» ВКонтактедегі ресми парақшасында мәлім етілген.

Әлеуметтік парақшада ескерілгендей, кубалық топтың құрамы мығым, оның қатарында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ойындарға жолдама ұтып алған спортшылар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, WSB ІІІ кезеңінің чемпионы атанған астаналықтар мен кубалықтар арасындағы финалдық жекпе-жек Астанада 20 мен 21 маусымда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Матчтық кездесуге билеттер құны 1000 мен 3000 теңге аралығында. Оларды «Меломан», «Конгресс-холл», «Жастар» ЖС, «Қазақстан» ОКЗ, «Даулет» СК, «Мега», «Сарыарқа» және «Керуен» СОСО кассаларынан сатып алуға болады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или