Геннадий Головкинге қарсылас табылмай тұр

Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер келесі жекпе-жектерін жоспарлаған уақыттан кешірек өтетінін хабарлады.

GGG және оның командасы 2015 жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп үлгерген отандасымыз келесі қарсыласымен қыркүйек айында жұдырықтасуды мақсат тұтып отырғанын да хабарлаған едік. Алайда Геннадий жұдырықтасқысы келетін боксшылар түрлі сылтаулармен кездесуден жалтарып отыр.

- Біз Геннадий Головкинге лайықты қарсылас іздеп жатырмыз. Осы жылғы үшінші жекпе-жекті қыркүйек айында өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Ал ірі жекпе-жек өткізетін болсақ, уақытты тағы созуымыз мүмкін. Десе де НВО күнтізбесіне сәйкес қыркүйек, болмаса қазан, қараша айларында тартысты кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ал сол тартысты жекпе-жекке қазір лайықты қарсылас табылмай тұр, - деді Том Леффлер.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық кіші Вилли Монромен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын.

Massaget.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или