Қазақстандық жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына енді
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткен жаңартылған рейтингте жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалды.
Юлия Путинцева 38-ден 39-ға, Зарина Дияс 241-ден 266-ға төмендеді.
Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастаса, эстониялық Анетт Контавейт екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші орында келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 21-ден 20-сатыға көтерілсе, Елена Рыбакина 91-ден 108-орынға сырғыды.
Ю.Путинцева бүгін Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінде алғашқы кездесуін рейтингте 67-сатыдағы поляк қызы Магда Линетпен өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или