Бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын бар

Бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын бар

13 маусымда Ташкентте Азия бокс конфедерациясының (ASBC) ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы бокстан Құрлықтық Азия чемпионаты аяқталды. Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жалпыкомандалық есепте қазақстандық құрама 2-орынға табан тіреді. Өзбекстан боксшыларынан 13 салмақ дәрежесінде 13 былғары қолғап шебері финалға жолдама алып, оңтүстік көршілеріміз жалпыкомандалық бірінші орын алды.

Қазақстан сапынан Әлібек Досанов (46 кг), Дәулет Нысан (50 кг), Санатәлі Толтаев (54 кг), Аблай Ибраимов (60 кг) және Алдияр Тұрсынәлі (66 кг) Азия чемпиондары атанды. Күміспен Хуршедшох Искандаров (80 кг) күптелген. Қола жүлдеге Рахат Сеитжан (48 кг), Айбол Жамбырбай (63 кг), Дәулет Заушеву (70 кг), Елхан Табынбай (75 кг) және Нұрдәулет Ұланұлы (+80 кг) ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или