Головкиннен нокаутпен жеңілген боксшы: Канело - айқын фаворит
Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы ұлыбританиялық Мэттью Маклин GGG мен мексикалық Сауль Альварес трилогиясына болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Маклин алдағы кездесуде Канело фаворит екенін айтты. Бірақ Головкин де оңай шағылар жаңғақ емесін алға тартты. </span>
<span>«Канелоның» трилогияда жеңіске жетуі шешілген дүние емес, өйткені Головкин – тамаша боксшы. Ол жақсы соққы жасай алады. Бірақ менің ойымша, «Канело» - айқын фаворит. Головкин 40 жаста, ол кейінгі жекпе-жегінде қартайғаны көрінді. Ол жеңіске жеткенімен және әлі де мықты боксшы болса да, оның энергиясы бұрынғыдай емес», - деді Маклин Pro Boxing Fans-қа.</span>
<span>Еске салсақ, 2013 жылы Маклин Головкиннен нокаутпен жеңілген болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или