«Горняк» сапына ресейлік екі хоккейші қосылды

«Горняк» сапына ресейлік екі хоккейші қосылды

«Горняк» командасын шабуылшы Александр Абрамов пен қорғаушы Даниил Солтан толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Абрамов — челябинскілік «Трактордың» түлегі. Өткен маусымда 22 жастағы форвард «Красноярские Рыси» сапында ойнаған. 42 матчта Абрамов 9 (4+5) ұпай жинаған.

Даниил Солтан уфалық «Салават Юлаев» командасында тәлім алған. Өткен маусымда «Полёт» намысын қорғаған. Онда форвард 52 матчқа қатысып, 23 (11+12) ұпай еншілеген.

Фото: «Горняк» клубы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или