«Тұранға» жаңа спорт директоры келді

«Тұранға» жаңа спорт директоры келді

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Тұран» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды.

Сәуір айында Фархатбек Ирисметов кеткеннен кейін бұл қызметке түркістандық футболға жақсы таныс 50 жастағы Оспан Қарашбаев келді.

Кеңес заманында шабуылшы ретінде Қарашбаев «Монтажник» сапында ойнап, кейін «Яссы» клубының намысын қорғап, 2004 жылы осы команданың жетекшісі қызметін атқарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или