Әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатының финалына екі қазақстандық шықты

Әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатының финалына екі қазақстандық шықты

Софияда (Болгария) әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін екі қазақстандық спортшы күреседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалға Алтын Шағаева (53 келіге дейін) мен Анастасия Панасович (72 келіге дейін) шықты.

Алтын Шағаева 1/2 финалда мысырлық Атеф Мохамедтен сенімді өтті. Шешуші жекпе-жекте ол Үндістаннан келген Антимге қарсы шығады.

Анастасия Панасович өз кезегінде жартылай финалда жапониялық Сумире Ниикурені жеңді. Енді ол Амит Элормен (АҚШ) күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или