«Кубок ойындары күтпеген нәтижелермен белгілі, бірақ біздің міндетіміз мұны болдырмау»: Срджан Благоевич Қазақстан кубогының жеребесі туралы
«Астана» футбол клубының бас бапкері Срджан Благоевич Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында футболдан Қазақстан кубогының жеребесі туралы пікір білдірді.
- Срджан, жеребені қалай бағалайсыз?
- Ең алдымен, Қазақстан кубогының ширек финалына шыққанымызға өте қуанышты екенімді атап өткім келеді. Жарыстың бірінші бөлігі ерекше болғанымен, топтан шығу оңай болған жоқ. Басқа топтарға қарасақ, фавориттердің көбі плей-офф кезеңіне өте алмаған.
Өз тобымызда бірінші орын алып, ширек финалдық ойынды өз алаңымызда өткізу мүмкіндігіне ие болғанымыз қуантады. Бұл «Мақтааралға» қарсы матчта бізге белгілі бір басымдық береді, бірақ бұл біз осы ойынға немқұрайлы қараймыз деген сөз емес.
- «Мақтаарал» плей-оффқа шығу жолында «Ақтөбе» мен «Тобылдан» басым түскеннен кейін (қостанайлықтарды екі рет жеңді) ҚПЛ дебютанты «Астананы» да жеңуі мүмкін деген қауіп бар ма?
- Біз қарсыласты жоғары бағалаймыз және бізге оңай болмайды. Дегенмен, бізде бір ғана ойын бар, сондықтан қысым барлығына түседі, бірақ біз фаворит рөлінен бас тартпайсыз. Барлық елдердегі кубок ойындары күтпеген нәтижелермен белгілі, бірақ біздің міндетіміз мұны болмырмау. Ол үшін жақсы дайындық пен байыпты бәсекелестік көзқарас қажет. Ойынға осылай қарайтын болсақ, онда үмітімізді ақтай аламыз.