Николай Шваб 28 нокауты бар боксшымен кездеседі
20 тамызға жоспарланған жекпе-жекте кәсіпқой рингте жеңілмеген қазақстандық жеңіл салмақтағы Николай Швабтың (7-0, 3 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, 28 жастағы қазақстандық Сосуада (Доминикан Республикасы) жергілікті тәжірибелі боксшы Даниэль Рамиреске (33-3, 28 КО) қарсы жұдырықтасады.
Бұл Швабтың мансабындағы алғашқы он раундтық жекпе-жек болмақ.
Бұған дейін ол алты раундтық төрт жекпе-жек өткізіп, соңғысында 2021 жылы 9 шілдеде Майамиде (Флорида, АҚШ) америкалық Рондале Хаббертті (14-23-3, 8 КО) ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или