Григорий Ломакин Тбилисидегі турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин беларусьтік Иван Лютаревичпен бірге Тбилисидегі жүлде қоры 25 000 АҚШ доллар болатын ITF турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ломакин мен Лютаревич шешуші кездесуде беларусьтік Эрик Арутюнян/Даниил Остапенков жұбын 3:6, 7:6 (7:4), 10:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық осы маусымда екінші рет чемпион атанып отыр. Ломакин ITF турнирлерінде жалпы 16 мәрте жеңіске жеткен, оның барлығы жұптық сайыс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или