WBC: Боксшыларымыздың жаңа рейтигтегі орны қандай
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылардың рейтигтегі орны мынадай:
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий 12-орында тұр.
Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 36-орыннан 34-орынға көтерілсе, Серік Мұсаділов рейтингке 40-орынға шықты.
Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19 және 20-қатарға жайғасқан.
Орта салмақтағы рейтингте Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыға жайғасты.
Бірінші орта салмақтағы Садриддин Ахмедов 28-қатарға ығысты.
Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов үш саты жоғалтып, 22-орынға ие болды. Ал Талғат Шайкен 33-сатыда тұр.
Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 25-орыннан көрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или