Ел біріншілігіне қатысатын командалар белгілі болды
Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігіне қатысатын командалардың толық құрамы белгілі болды.
2022-2023 жылғы маусымда «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы», «Торпедо» хәне өзбекстандық «Хумо» бақ сынайды.
Турнирді өткізу талабы өзгерген жоқ. Командалар бұрынғысынша әрбір біріншіліктің алғашқы кездесуі 10 қыркүйекте «Сарыарқа» және «Арлан» командалары арасында болады. Одан кейін 11 қыркүйекте «Снежные барсы» және «Құлагер» шеберлік байқасса, «Хумо» өз айдынында «Номад» командасын қабылдайды. Оңтүстік астанада жергілікті «Алматы» «Горнякпен» айдынға шығады.
Ал 13 қыркүйекте «Торпедо» мен «Ақтөбе», «Бейбарыс» пен «Ертіс» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или