Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің ширек финалына финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен күш сынасты. Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сет барысында 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазып, жеңісті жұлып алды – 7:5.
Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол үшінші айналымда жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиді жолдан тайдырды – 3:6, 6:0, 7:5.
Юлия жұптық сында да табысты өнер көрсетуде. Юлия америкалық Софья Кенинмен бірге доданың алтыншы ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – украиналық Людмила Киченокты 1:6, 6:1, 10:4 есебімен қапы қалдырып, ширек финалға өтті.