Гөзал Айнитдинова ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің жартылай финалына өтті

Гөзал Айнитдинова ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жекелей сында Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 587-сатыда тұрған қазақстандық спортшы ширек финалда үндістандық Ашмита Эшварамуртимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Г.Айнитдинова 5:1 есебімен алға кеткеннен кейін қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Гөзал финалға шығу үшін рейтингте 661-сатыдағы ресейлік Татьяна Барковамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 311-інші, жарыстың 1-ракеткасы, отандасы Екатерина Казионованы ұтып кетті – 6:3, 6:1.

Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Е.Казионовамен бірге жартылай финалға шықты. Олар қазақстандық, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева мен қырғызстандық Владислава Андреевскаяны 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Құламбаева мен Е.Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко – Беларусь өкілі Дарья Шаухамен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или