БАҚ: Катардағы әлем чемпионаты ертерек басталады
Катарда өтетін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты жоспарланған уақыттан бір күн ерте – 20 қарашада басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
БАҚ өкілдерінің айтуынша, 20 қарашада тек бір ғана матч өтеді, онда турнир қожайындары Эквадор құрамасымен ойнайды.
Турнир 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетіні бұрын хабарланған болатын.
21 қарашаға топтық кезеңнің төрт ойыны жоспарланған болатын: Сенегал - Нидерланды және Катар - Эквадор (А тобы), сондай-ақ Англия - Иран және АҚШ - Уэльс (В тобы).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или