Торонто турнирі: Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды

Торонто турнирі: Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі Wimbeldon 2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өтіп жатқан турнирдің келесі айналымындағы қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финал кезеңінде қазақстандық теннисші қазіргі таңда әлемдік рейтингте 11-ші орында тұрған америкалық спортшы Кори Гауффпен кездеседі.

Айта кетейік, алдыңғы кезеңде үш сағатқа созылған қиын кездесуде Рыбакина Чехия өкілі Мария Буузкованы үш сетте ұтса, Гауфф екі сетте отандасы Мэдисон Бренглден мықты болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или