Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC, WBA, WBO бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC, WBA, WBO бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев (8-0-1, 4 КО) өзінің келесі жекпе-жегін Мәскеуде 16 қыркүйекте өткізеді.

Шегалиевтің қарсыласы осы жылдың ақпан айында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (17-0, 10 КО) жұдырықтасқан танымал ресейлік боксшы Андрей Сироткин (20-2-1, 7 КО) болмақ.

Ол айқаста Нұрсұлтанов бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын. Өз мансабында Сироткин үш бокс ұйымының екінші дәрежелі чемпиондық белбеулерінің, яғни WBC ABC Continental, WBA Inter-Continental, WBA Asia, WBO European титулдарына ие болды. Андрей Сироткин өзінің соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізді.

Онда ол Беларусь спортшысы Виктор Мурашкинді (4-3, 3 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Әбілхайыр Шегалиевке келетін болсақ, қазақстандық спортшы ақпан айында ресейлік Манук Диланянмен (12-9-2, 5 КО) жекпе-жек өткізді. Айқас тең нәтижемен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или