IBF-тің назарына: Геннадий Головкин неміс емес, ҚАЗАҚ!

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарындағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді өз рейтингінде неміс деп көрсетіпті.

Бұл туралы Bnews.kz сайты мәлім етті. IBF рейтингінде Геннадий Головкиннің тұсына Германия азаматы деп жазылыпты. Айта кету керек, Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Германияға көшіп, кәсіпқой бокстағы карьерасын бастады.

«Бүгінгі күні бокс әлемінде мега жұлдызға айналған отандасымыздың туып-өскен жерін анықтап жазбауы IBF федерациясының қызметкерлеріне үлкен сын. Кәсіпқой карьерасын Германияда бастағанымен Геннадий Қазақстандағы бокс мектебінің түлегі, мұны боксшының бокстасу стилінен анық аңғаруға болады. IBF-тің мұны да назарға алмағаны ондағы мамандардың сауатсыздығынан болуы мүмкін», - дейді бокс саласындағы сарапшылар.

Головкинді қазақстандық емес қазақ деуімізге дәлел де жоқ емес. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бір жиында бас қосқан боксшымыз: «Әкем – орыс, анам – кәріс, ал мен – қазақпын!» - деп жауап берген болатын.

Айта кету керек, Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, 30 қарсыласын нокаутпен ұтты. Бұған қоса, қазақстандық боксшы үздіксіз нокауттар санын жиырмаға жеткізіп, әйгілі Майк Тайсонды жолда қалдырды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или