Давид Лемье: «Жолымда Головкин тұрмақ одан мықтысы шықса да, жапырып өтемін»

Давид Лемье: «Жолымда Головкин тұрмақ одан мықтысы шықса да, жапырып өтемін»

Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье (33-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (33-0, 30 КО) шаршы алаңда жолыққысы келетінін кезекті рет мәлім етті.

Қазіргі кезде Лемье Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының жетекшілігімен бокстасып жүр. Ол соңғы кездесуінде Головкиннің 2013 жылғы қарсыласы Габриэль Росадоны мерзімінен бұрын жеңді. Тағы бір айта кетер жай, қос боксшы да НВО телеарнасымен келісім жасасқан, демек, Головкинмен мен Лемье арасындағы жекпе-жектің өтуі әбден мүмкін.

«Мен ең үздік боксшылармен кездескім келеді. Ал GGG Головкин сол боксшылардың ең алғашқысы, сондықтан онымен шаршы алаңда жолыққым келеді. Алдағы жекпе-жегімді өткізіп алайын, сонан-соң жолымда кім шықса да жапырып өтуге дайынмын», - дейді Лемье.

Айта кету керек, 20 маусым күні Лемье француз боксшысы Хассан Н'Дам Н'Жикамға (31-1, 18 КО) қарсы 34-кездесуін өткізіп, IBF тұжырымындағы бос тұрған чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или