Қазақстандық АҚШ-та жыл студенті және ескек есуден чемпион болды

Қазақстандық АҚШ-та жыл студенті және ескек есуден чемпион болды

Қазақстандық Ануар Акчурин ескек есуден АҚШ-тың екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектеп түлегі Ануар Акчурин байдарка мен каноэде есу бойынша АҚШ-тың Цинцинати қаласында өткен ашық чемпионатта бірінші орынды еншіледі.

Ол 2021 жылы да чемпион титулын алған болатын. Бүгінде халықаралық санаттағы спорт шебері атанған Ануар ескек есумен он жылдан астам уақыт шұғылданып келеді», - делінген NIS таратқан мәліметте.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или