Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы Испанияны жеңді

Қазақстанның ерлер құрамасы осы күндері Ченнай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жетінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
5 тамызда Қазақстан құрамасы Испания құрамасымен кездесіп, 2,5-1,5 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық команда сапында Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Уразаев, Қазыбек Нөгербек тең түсті, сонымен қатар Әлішер Сүлейменов командаға жеңіс сыйлады.
Кездесу басталар алдында Қазақстан құрамасы 11-орында болса, Испания құрамасы 15-орында болды.
Айта кетейік, соңғы кездесуде қазақстандықтар Чехияны 2,5-1,5 есебімен ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или