Қазақстандықтар Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандықтар Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сенімді жеңіске жетті

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Олимпиадада Қазақстан шахматшылары бесінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы Латвия құрамасымен кездесу өткізіп, 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Қазақстан атынан Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арытсанбек Уразаев және Қазыбек Нөгербек қатысты.

Қазақстан әйелдер құрамасы кубалық қарсыластармен кездесіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан әйелдер құрамы келесідей құрамда қатысты: Жансая Әбдімәлік, Бибісара Ассаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или