Қазақстандық зілтемірші Вроцлавтағы әлем чемпионатында бірінші орын иеленді

17 жасар қазақстандық зілтемірші Әйгерім Ауылбек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында В тобында бірінші орын иеленіп жарысты аяқтады. Қазақстандық спортшы Вроцлавта өтіп жатқан байрақты бәсекеде өз салмақ дәрежесінде ең жас қатысушы атанып отыр.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, алғашқы жаттығуда Әйгерім 79 келі көтерсе, екіншісінде 101 келіні еңсерді, сөйтіп қос сайыста да ең үздік нәтиже көрсетті. Екі жаттығу қорытындысы бойынша жерлесіміз 180 келі көтерді, яғни алдын ала жоспарланған салмақтан 10 келіге артық.

Естеріңізге сала кетсек, Польшаға төрт қазақстандық аттанды. Әйгерімнен басқа, бұл жарыста Екатерина Быкова (75 кг), әлем рекордсмені Надежда Ногай (+75 кг) және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Аят Әмірбеков (85 кг) бақ сынайды. Аят жарысты 10 маусымды бастаса, Екатерина 12 маусымда, ал Надежда 13 маусымда шығады.

Жас спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Польшаға ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни де келді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или