Владимир Хрюнов: «Головкин Коттодан бесбармақ жасайды»

Әйгілі ресейлік промоутер Владимир Хрюнов қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы Котто жайлы не ойлайтынын мәлім етті.

- Головкин Коттоны оңай ұтады, сол себепті пуэрториколық боксшы одан қашқақтап жүр. Былайша айтқанда, Гена Коттодан бесбармақ жасайды.

- Головкинге тең қарсылас, тең болмаса да, соған жақын қай боксшыны атай аласыз?

- Орта салмақтағы WBA чемпионы Дэниэл Джейкобс.

- Карл Фроч лайықты қарсылас дейтіндер де бар ғой.

- Фроч та Головкиннен қашқақтап жүр. Өз атын шығару үшін ара-тұра Гена жайлы әңгімелер айтып қояды.

- Сөзбен тартыспай, Головкинмен расында жекпе-жек өткізгісі келетін кім бар деп ойлайсыз?

- Ешкім.

Айта кету керек, отандасымыз кәсіби карьерасында 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті 30 кездесуінде қарсыластарын нокаутқа жіберді. Қазір Головкиннің промоутері қазақстандыққа қарсылас таппай, әурелеңге түсіп жүрген жайы бар. Том Леффлер Карл Фроч, Сауль «Канело» Альварес және Мигель Коттоның промомутерлеріне хат жазғанымен, олардан әлі күнге жауап ала алмай отыр.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или