Анна Данилина Варшава турнирінің финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен германиялық Анна-Лена Фридзам жартылай финалда Польша өкілі Майя Хвалинска – чехиялық Джесика Малечковамен шеберлік байқасты. Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-германиялық жұп басымдылық танытты – 7:6 (7:3). Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Қазақстандық-германиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, польшалықтар Катажина Кава – Алисия Росольскамен бас жүлдені сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или