Таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Софияда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жас таэквондошылар екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде 29 кг салмақта өнер көрсеткен<span> </span>Ярина Пуганцова<span> </span>командамызға алғашқы медальді салды.
Финалға дейін жерлесіміз үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткенімен, алтын үшін таласта ол ирандық Баран Ливани Джамалға есе жіберді. Осылайша жекпе-жек нәтижесі қарсыластың пайдасына шешілді. Ал Пуганцова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
<span>33 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені Нұрперзент Саматұлы жеңіп алды. Ол жартылай финалға шығып, өзбекстандық Д.Маруфжоновқа есе жіберіп алды.</span>
<span>Фото kaztkd.kz</span>