Шымкентте таеквондодан жастар арасында жарыс өтті

<span>Шымкентте 22-24 шілде аралығында таеквондодан еңбек сіңірген бапкер Шадияр Қондыбаев атында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.</span>
<span>Шаһардағы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде ұйымдастырылған аламанға еліміздің 11 өңірден 37 команда қатысты. Балалар, жасөспірімдер, жастар арасында өткен жарыста 470 спортшы бақ сынады.</span>
<span>Барлық жеңімпаз бен жүлдегерлерге медальдер мен марапаттау қағаздары табысталды.</span>
<span>Айта кетейік, Шадияр Қондыбаев – отандық таеквондоның негізін қалаушылардың бірі. Қазақстан таеквондо федерациясының таеквондоны дамыту жөніндегі вице-президенті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или