ГЛАВНАЯ
Екі ойында 0 гол. «Қайрат» үшін еуромаусым аяқталды
Екі ойында 0 гол. «Қайрат» үшін еуромаусым аяқталды

Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қайрат» сырт алаңда венгриялық «Кишвардадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыда өткен кездесуде «Кишварда» 1:0 есебімен жеңген еді. Сондықтан қарымта ойында алматылықтарға кем дегенде екі голмен жеңіс қажет болатын.
Алайда «Қайрат» бұл жолы да жеңіліп қалды. 39-минутта Ясмин Мешанович венгриялықтарды алға шығарды. Бұл есеп соңғы ысқырыққа дейін сақталып қалды.
Осылайша, «Қайрат» екі ойын қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Конференциялар лигасы.
2-іріктеу кезең. 2-матч.
«Кишварда» (Кишварда, Венгрия) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 1:0
Гол: Мешанович 39
28 шілде. Кишварда. Варкерт стадионы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или