Қазақстандық бибой брейкингтен әлем чемпионатының бетұстары болып белгіленді

Қазақстандық бибой Әмір Зәкіров брейкингтен әлем чемпионаты ресми промовидеосының беткеұстары болып белгіленді.
Қазақстандық B-Boy Amir (Әмір Зәкіров) 6 қараша күні Нью-Йоркте өтетін Red Bull BC One брейкингтен әлем чемпионаты промовидеосының ресми беткеұстары болып белгіленді. Сондай-ақ, бүгін жарық көрген промода, қазақстандық белгілі орындаушы dudeontheguitar өнер көрсеткен.
B-BoyAmir бұл видеоның бас кейіпкері ғана емес, идея авторы және режиссеры болып отыр.
– Режиссура – менің екінші махаббатым. Біріншісі – брейкинг. Өзің жақсы көретін екі жұмысты біріктіріп істеуден артық ештеңе жоқ екен. Бүкіл әлемге біздің мәдениетіміз туралы, өзімнің туып-өскен жерім туралы айтқым келді, бірақ соны заманауи түрде, әдеттегіден өзгеше жолмен жеткізуді ойладым. Қазір әлемдік брейкинг аренасы Қазақстанға қатты назар аударып отыр. Біздің оларға көрсететін дүниеміз баршылық, - дейді B-BoyAmir.
Батыл да тың көрініске толы дүниені, қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен урбан-элементтердің жарасымды миксі деуге болады. Ол қазақстандық Qara Studios продакшн-компаниясының өнімі, түсірілім жұмыстары бастан-аяқ Алматыда жүргізілген.

Бұл промода ұлттық танымал атрибуттардың бәрі бар. Кейіпкерлерге арнап, қазақтың ұлттық костюмдерін тіккізген, оларға заманауи элементтер қосқан. Музыкасын қазақстандық битмейкерлер жазған. Сондай-ақ, осы әлемдік біріншіліктің промо-видеосында, қазақстандық белгілі орындаушы dudeontheguitar өнер көрсетеді. Ол өзінің актерлік амплуасына жаттау кейіпкер – Шаманның ролін ойнайды.
– Біздің ниетіміз – қазақ мәдениетін өзіміз қабылдап үйренбеген қырынан көрсету болды, – дейді қоюшы-режиссер NurNiyaz. – Әмір басынан-ақ, видеоның бәрін табиғи күйінде түсіруді жоспарлады. Оның синопсисін оқып шыққаннан кейін, ойыма ой түсті, қарама-қайшылықтарды көбірек ойнатқым келді. Егер дәстүрлі, қазақи дүние көрсетсек, оны со бойда заманауи, бір қарағанда қисыны келмейтіндей болып көрінетін нәрсемен араластырып жібереміз. Егер киіз үй болса, ол жайлауда емес, үлкен бір бетоннан құйылған алаңда тұрады, ал оның фонында ұшақтар ұшып жүреді.

– NurNiyaz екеуміз қалыптасқан дәстүрге сыймайтын бірдеңе түсіруді көптен ойлап жүр едік. Тіпті локацияны да уақытқа бағынбайтындай қылып таңдадық, - дейді қоюшы-оператор Еркебұлан Қуанышбаев. – Белгілі бір орынға байланып қалғымыз келмеді. Не қалайтынымызды білсек те, кадрларды жоспарлап қойсақ та, түсірілім алаңында импровизация көп болды. Жұмыс барысында жоспарланбаған кадрларды көп қостық, видеоның ақтық нұсқасында соның бәрі керемет үйлесім тапты.
Жобаның қоюшы-режиссеры NurNiyaz, промо-видеоны түсіріп болғаннан кейін, брейкингтің философиясын жете түсінгенін мойындады.
– Шынымды айтсам, осы жобаға дейін, брейкинг туралы ештеңе білмейтін едім, тек оның жоғарғы және төменгі деп бөлінетінінен хабарым болған. Бірақ оның өзі қате болып шықты, кейіннен Әмір түсіндірді. Себебі олай бөлінбейді екен. Осы тақырыпты зерттеу барысында, Әмірдің айтқан әңгімелерінен көп ақпарат алдым. Енді оның спортқа жататына еш шүбәсіз сенемін. Брейкингтің үлкен спортқа тән күрделі физикалық құрамдас бөлімі де, қатал жарыс элементтері де, қолдайтын қалың аудиториясы да, басқа элементтері де бар. Осы спорт түрінен Қазақстанның көшбасшылық орында тұрғаны қандай керемет, – дейді NurNiyaz.
Осы жерде айта кетейік, Әмір Зәкіров – брейкингтен қазіргі әлем чемпионы ғана емес, осы спорт түрі бойынша, ҚР ұлттық олимпиадалық құрама командасының мүшесі. Әмір 6 қараша күні, Нью-Йорк қаласында өтетін Red Bull BC One әлемдік чемпионатында, Қазақстанның намысын қорғайды.
Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы брейкингті ресми түрде, олимпидалық спорт түрлерінің тізіміне енгізді. Ол Парижде өтетін Олимпиада-2024 ойынына кіргізіледі.