Мюррей: «Орта салмақта Головкиннен кейінгі мықты мен екендігіме сенімдімін»

32 жастағы Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей жаңа салмаққа ауысатындығын хабарлады және Головкиннің өзінен мықты екендігін мойындады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Tofight.ru сайтына берген сұхбатында Мартин Мюррей былай дейді:

«Командаммен ақылдаса отырып, салмақ қосуды жөн деп санадым. Орта салмақта Головкиннен кейінгі мықты мен екендігіме сенімдімін. Егер де жақсы ұсыныстар түсіп жатса орта салмаққа қайта ораламын. Энди Лимен қуана-қуана жекпе-жек өткізер едім. Бірақ суперорта салмақта да жұдырық түйістіруім әбден мүмкін әлемдік деңгейдегі мықты боксшылар бар. Атап айтқанда – Джордж Гроувз, Джеймс Дигейл және Карл Фроч. Бұлардың барлығы да керемет спортшылар».

Естеріңізге сала кетейік, Головки – Монро арасындағы жекпе-жек 21-ші ақпанда Монте-Карло қаласында өткен болатын. GGG 11-ші раундта Мюррейді құлатып, уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или