Грек-рим күресі

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Римде өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Юсуф Ашрапов құрама қоржынына екінші медальді салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Юсуф 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертеряннан 1:2 есебімен ұтылды. Бірақ армян спортшысы финалға өткендіктен, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Онда ол америкалық Зан Роберт Фуджиттаны (14:5) және түрік Юсуф Кылчанды (10:1) жеңді. Қола медаль үшін белдесуде Юсуф Ашрапов Иран өкілі Абольфазл Миршекарды жеңді, есеп – 11:10.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келі салмақта қазақстандық Арсен Жұма қола медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер