Абдулин Воротниковтың орнына алаңға шығуы мүмкін

Абдулин Воротниковтың орнына алаңға шығуы мүмкін

«Тараздық» қорғаушы Илья Воротниковтың жарақат алуы себепті Юрий Красножан оның орнын Ренат Абдулинмен ауыстырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңейтілген толық тізімінде Ренат Абдулин бар. Бірақ оның Түркиямен болатын ойында алаңға шығуы белгісіз болатын. «Тараздың» қорғаушысы Илья Воротников жарақат алып қалғандықтан, Юрий Красножан Ренат Абдулинді команда құрамына шақыртты. ЕУРО-2016 іріктеу сындары аясындағы Түркиямен болатын кездесу 33 жастағы «Ордабасы» клубының қорғаушысы үшін Ұлттық құрама сапындағы 29-шы ойыны болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Түркия арасындағы кездесу маусымның 12-сі күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или