Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды

Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Есеп комитеті хабарлады.
Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған. Нәтижесінде 1,3 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрінен 8 қола медаль ғана бұйырған еді. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері тіркелген ең төмен нәтиже. Бұған дейін Қазақстан командасы жазғы Олимпиада ойындарынан алтынсыз келген емес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или