Қазақстан құрамасы Польшада өткен халықаралық турнирде екі медаль алды

Қазақстан құрамасы Польшада өткен халықаралық турнирде екі медаль алды

Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта Марина Қайпанова-Седнева екінші орын алды. Бірінші орын жергілікті балуан Роксана Засинаға бұйырды. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Анна Андреева (Румыния) мен Мария Винник (Украина) көтерілді.

59 келі салмақта сынға түскен Диана Каюмова қола жүлде жеңіп алды. Бұл салмақта Соломия Винник (Украина) пен Грейс Буллен (Норвегия) алтын мен күміс медальді бөлісті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или