ATP рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі сатыға төмендеп, рейтингте 39-орыннан 41-орынға түсті. Денис Евсеев Нұр-Сұлтандағы Президент кубогының финалына шығуының арқасында бірден 72 сатыға көтеріліп, жекелей сында 269 орынға орналасты. Сондай-ақ, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин, Бейбіт Жұқаев және Достанбек Ташболатов орындарын жақсартты.
ATP рейтингі. 25 шілдедегі орындар
1 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 7775
2 (0). Александр Зверев (Германия) – 6850
3 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 6165
4 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5045
5. (+1). Карлос Алькарас (Испания) – 4895
6 (-1). Каспер Рууд (Норвегия) – 4890
7 (0). Новак Джокович (Сербия) – 4770
8 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 3575
9 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3445
10 (0). Янник Синнер (Италия) – 3185
41 (-2). Александр Бублик (Қазақстан) – 1065
179 (+10). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 296
207 (+6). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 251
216 (+5). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 239
269 (+72). Денис Евсеев (Қазақстан) – 179
394 (+113). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 103
901 (-1). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 14
944 (+32). Достанбек Ташбулатов (Қазақстан) – 12
Фото Андрей Ударцев, ktf.kz