Ферстаппен Франция Гран-приін жеңіп алды

24 шілдеде Франция Гран-приі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста «Ред Булл» шабандозы Макс Ферстаппен топ жарды. Екінші орын жеті дүркін Формула-1 чемпионы Льюис Хэмилтонға («Мерседес») бұйырлы. Үздік үштікті Хэмилтонның командаласы Джордж Расселл түйіндеді.
Франция Гран-приі. Жарыс.
1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 53 айналым;
2. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +10,587;
3. Джордж Расселл («Мерседес») +16,495.