2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды

2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді.
Енді Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді. Аталған турнирдің өткізу мерзімі негізінде 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына белгіленген еді.
Азяи ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған болатын. Әлемдегі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ол кейінге шегерілді.
Өз тарихында 29 мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или