Шахмат міндетті пәнге айналуы мүмкін

<span>Қазақстан шахмат федерациясы еліміздің барлық мектептерінде шахмат сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Аталған федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов журналистермен кездесуде федерацияның жоспарларымен бөлісті. </span>
<span>Дәрмен Сәдуақасов федерацияның мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау арқылы интеллектуалды ұлт қалыптастыру екенін атап өтті. </span>
<span>- Біздің екі амбициямыз бар. Біріншісі – шахматты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізу болса, екіншісі – біздің ерлер, әйелдер және балалар командалары әлемнің үздік ондығына тұрақты түрде енуі, – деді Сәдуақасов.</span>
<span> Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстанның кейбір мектептерінде шахмат жаңа факультатив пән ретінде оқытылады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или