Нора Джеруто: Бұл нәтиже – барша Қазақстанның жеңісі

Нора Джеруто: Бұл нәтиже – барша Қазақстанның жеңісі

АҚШ-та өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшы Нора Джеруто Қазақстанға алғысын айтты.

- Бұл менің өмірімдегі маңызды күндердің бірі болды. Барлық команданың сенімі мен үмітін ақтадым. Біріншіден, отбасыма және Қазақстанға сенім артқаны үшін алғыс білдіргім келеді.

Қазақстан соңғы бес жылда үлкен қолдау білдіріп, кедергілер арқылы жүгіру кезіндегі әдістер мен техникаларды үйретті. Бұл – жарысқа дайындалудағы маңызды кезең.

Бұл нәтиже – барша Қазақстанның жеңісі, тек менікі емес. Мен Қазақстанда жеңіл атлетиканы дамыту үшін бар білімім, тәжірибем мен күшімді салуға әзірмін, – деді спортшы.

Түпнұсқасы: stan.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0